Ұрпақ тәрбиесі — ел мұраты

Ұрпақ тәрбиесі — ел мұраты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Әр қоғамның келешегі ұлт тәрбиесіне қатысты. Қоғамды құрайтын жанұяның бір мүшесі ол – бала.  Осы орайда, ұлттық негізде әрі мұсылмандық сипаттағы тәрбиемізге көңіл бөлудің орны ерекше. Өмірге жақсы ұрпақ әкелу әуелде көргенді жерден, ары бар, ақылы бар, ұяты бар иманды жар таңдаудан басталатындығының өзі Ислам тәрбиесінің қаншалықты кеңдігін, ауқымдылығын ұқтырады.

«Һибатулла Тарази» мешітінде ұстаз Зейнеп Үсенованың бастамасымен жазғы қыздар сауат ашу курсының шәкірттері мен тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен Рамазан айына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шарада қыздар курсының ең кіші тобы өнер көрсетті.

Діни ілім алып жүрген шәкірттер әдеп-ахлаққа байланысты түрлі көріністер көрсетіп үлгі болып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, жүрек жарды шығармаларын оқыды. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) еске алдырып, азаншы Біләл туралы көрініс қойып ата-аналардың жүрегін елжіретті.

Бүлдіршіндер дәріс уақытында үйренгендерін ортаға салып, өз ұйымшылдықтарын танытты. Ата-аналар балаларға тәлім-тәрбие беріп, дайындаған тәрбиешілерге алғыстарын білдірді.   

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: