Курс шәкірттері жас қаримен кездесті

Курс шәкірттері жас қаримен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала бізге Құранды мұра ретінде түсірді, Ол Құранды оқуға, оған ой жүгіртіп, соған сай амал жасауымызды бұйырды. Аллаға мадақтар болсын Ислам дінің тарихында Құранды жаттап, оны басқаларға үйретуде бүкіл өмірлерін арнағандар болғаны хақ. 

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінің қыздар жазғы сауат ашу курсының шәкірттері жас қаримен кездесті. Ол бала кезінде осы шәкірттер сынды орталық "Һибатулла Тарази" мешітіне курсқа келетін. Бүгінде бала кезгі ұстазымен жүздесіп, қари білімге құштар балдырғандармен сұқпаттасып, өз кеңесін айтты. Балалар өздерін толғандырған түрлі сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Курсқа қатысып жүрген шәкірттердің көбісі Құранды толық жаттауды армандайды екен. Осы мақсаттарына жету жолында істейтін еңбектері турасында сүблі сөз айтып, Қыздар сауат ашу курсының ұстазы Зейнеп Үсенова қыздарға Құранның қадір-қасиеті, Құран жаттау және амал ету туралы уағыз-насихатын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: