Халық ауызашарда бас қосты

Халық ауызашарда бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауабы мол қасиетті Рамазан айында игі іске ат салысудың өзі бір қуаныш сыйлайды. Аллаға шүкір, сондай қуанышты сәттерді Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің имамы Сұлтаншәріп Джадраев Рамазан кештерінде ауызашар шарасын өткізіп келеді.

ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастасымен аудандық «Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағатына ауызашар берілді. Ақ дастарханда бас қосқан игі жақсылар өткен тарихқа да тоқталып өтті. Әрине, бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қазіргі күніміздің әлдеқайда берекелі екенін атады.

Бүгінгі бейбіт күннің қадірін біліп, имандылық аясында ұйыса білу, көптен бөлініп, дара жүруге емес, әркім елінің ынтымағына ат салысуы маңызды іс екені де зиялылар сөзімен жеткізілді. Сондай-ақ, аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев жас та болса, бас бола біліп, қаншама шаралардың бастамашысы болып жүргеніне куә екендерін білдіріп, еңбегіне жеміс, қызметіне табыс тіледі.
Ауызашар барысында өңірдің қадірлі ақсақалдары мен ағалары сөз алып, мүбәрак Рамазан айына тілектерін айтты. Ауызашардан кейін Құран оқылып, елдің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: