Құран Кәрімде Алла тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» дейді.
Садақа беру, қайыр жасау – әрбір мұсылманның міндеті. Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаевтың ұйытқы болуымен аудандағы тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі барлығы бес отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық көрсетілді.