Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы «Байзақ баба» мешітінде 25 жағдайы төмен отбасына ұн, ет және азық-түлік үлестірілді.
Отбасылар іс-шараны ұйымдастырып отырған «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз Азизовке өз алғыстарын білдірді. Жанұялар өз қуаныштарын жасырмай осындай қайырымдылықтар қайталанып тұрса деп, өз пікірлерін айтты.
Адамның тек өзін емес, өзгені де ойлауы барлық адамның міндеті болғандықтан, көпшілік те осындай қайырымдылықтардың жалғасын табуына өз үлестерін қосса деп, имам өз ойын білдірді.