Сауаптың сарқылмайтын бұлағы, рухани кемелдену айы Рамазанға жеткізген Алла Тағалаға сансыз мақтау-мадақтар болсын. Адам баласына хақ жолды көрсетіп, иман нұрына бөлеген Алла Тағала шайтандар кісенделіп, тозақтың есіктері жабылатын, жәннаттың есіктері айқара ашылатын берекелі айды құлдарына тарту етті.
Осы бір ұлық айда Шу қалалық "Айтқұл баба" мешітінде күнделікті тарауих намазы оқылып, намаз алдында сүбелі уағыз-насихат жүргізілуде. Ораза ұстаған жандар үшін мешітте ауызашар беріліп, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Аталмыш жанұяларға арналып мал сойылып, еті үлестірілді.
Жамағат қасиетті айдың қайырлы іс-шаралары үшін разылықтарын білдірді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.