Ауызашар беру өте маңызы зор сауапты істің бірі. Жолда кетіп бара жатып, кез – келген ауызы берік адамға бір дана құрма немесе кепкен құрма ол болмаса сумен болсада ауыз ашар беру сауапқа кенелетін жақсы амал. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кімде – кім бұл айда аузы берік бір адамға ауыз ашар берсе күнәлары кешіріледі,» - деген.
Осынау қасиетті ораза айында күллі жұрт ауызашарларда бас қосып, ынтымақ пен бірліктің үлгісіне айналуда. Айта кетелік, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен зағип және мүмкіндігі шектеуші жандар «Һибатулла Тарази» мешітінде өткіп жатқан күнделікті ауызашардың арнайы қонағы болды.
Айдың бірінші аптасында БАҚ өкілдері мешіт ауызашарында бас қосса, екінші аптасында зағип жандар ауыз ашты. Мешітке арнайы шақырылған меймандарға найб имам оразаның қадір қасиетті мен ұлылығы жайында сүбелі уағыз айтып, сыйлықтар табыстады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі