15 жасар қари Құранды 16 күнде хатым етті

15 жасар қари Құранды 16 күнде хатым етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – адам баласына тура  жолды нұсқаушы,  жақсылық пен жамандықты, халал мен харамды ажыратушы, Алла Тағаланың соңғы кітабы Құран кәрім түсіріле бастаған қасиетті ай. Алла Тағала Құранда бұл жайлы: «Рамазан – адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген ай» деген.

Құранды  оқыған, не болмаса жай ғана тыңдаған адамның өзі оның құдіреттілігін сезінетін болса, қасиетті кітаптың мағынасын түсінген жанның қандай сезімде болатынын айтпаса да түсінікті. Құран кәрімді оқу – ең абзал ғибадаттардың бірі, Ұлы Алла Тағалаға жақындаудың бір жолы.

Алдында хабарлағанымыздай қасиетті Рамазан айының кіруімен тарауих намазында Құран хатым басталған болатын. Құранды 15 жасар қари Республикалық Құран жарысының жүлдегері Дулат Қолақұлов  оқыды. Бүгінде хатым аяқталып, бас имам хатым дұғасын жасады. Жас қариге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев мешіт атынан бағалы сыйлықтар сыйлады. Ал осындай бетке ұстар баланы тәрбиелеген Дулаттың әкесіне шапан жабылды.  

Аз ғана уақытта Құранды толықтай хатым еткен Дулатқа жамағат разылығын білдіріп, ілім жолына сәттілік тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: