Құран – құлшылықтың қайнар көзі

Құран – құлшылықтың қайнар көзі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағаланың адам баласына қасиетті Құран Кәрімді түсіруі – өз пенделеріне көрсеткен шексіз мейірімі. Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім – сіз бен бізді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз қожайыны Алла Тағаланың сөзі.

«Һибатулла Тарази» мешітінің әйелдер жамағаты мешіт жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының ұстаздарымен бірігіп қасиетті Рамазан айында Құранды хатым етті. Құран оқу Рамазан айының басында басталған болатын. Бүгінде Құран толық оқылып хатым дұғасы жасалды.

Жиналған көпшілік Алладан дұға-тілектерін сұрап, бұл бастамаға ұйытқы болған ұстазға алғыстарын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: