Рамазан – қайырымдылық айы

Рамазан – қайырымдылық айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Рамазан айы – өзіндік сыны мен сынағы тамаша тәлімі мен талғамы бар ай. Бұл айға кірген мұсылманмен құлшылық қылып шыққан мұсылманның аймен күндей айырмашылығы бар. Алла разылығын іздеп, дене құштарлығынан руханият кемелдігіне көңіл бөлген жан өзгеруі сөзсіз заңдылық. Тілін өсек аяннан, қолын зияннан, қарнын, әуретін нәпсі талғамынан тежеп, керісінше, тілін Құран оқудан зікірден, қолын қайырымдылық жасаудан қолғабыс танытудан талдырып, Алла үшін деп, алдында адал болып тұрған ішіп-жемінен таң сәрісінен қас қарайғанша тиылып, өзін тәрбиелеген мұсылман қалайша өзгермеуі мүмкін.                                                                                     Осынша мұсылманды рухани кемелдікте тәрбиелейтін қасиетті Рамазан айының екінші бір атауы қайырымдылықпен мейірім айы дегенмен үндеседі. Сол үшін осы айдың керемет әсерін пайдалануды ҚМДБ жыл бойы мешіттерге жүктеп келеді. Мешіттерде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру – Қазақстан мұсылмандыр діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жыл басында еліміз мешіттеріне белгілеп берген басым бағыттардың бірі. Сонымен қатар, Мүфти хазіреттің Рамазан айына байланысты берген арнаулы тапсырмасының маңызды мазмұны да  осы қайырымдылық іс шаралары  болып саналады.                                       Осы Бас мүфтидің тапсырмасы аясында, айлардың сұлтаны болған Рамазан айына орай, Жамбыл облысы Жуалы аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде Бас имам Кенжемолдаев Алмас Рысханұлының ұйымдастыруымен жамағат демеушілігімен «Рамазан – қайырымдылық айы» атты қайырымдылық акциясын өткізілді. Аудан көлеміндегі қырыққа жуық отбасыға жалпы құны 200000 теңгені қамтитын ас-ауқаттағы басты қажеттіліктер ұн, май, күріш, макарон, қант, тұз т.б азық-түлік таратылып қайырымдылық жасалды. Акция ауданымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар мен жалғыз басты аналар, т.б мұқтаж адамдарды қамтыды. Бұл науқан Рамазан айы біткенше әлі де жалғасын таппақ...

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: