Сауат ашу курсы аяқталды

Сауат ашу курсы аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

28-мамырдың күні өз жұмысын бастаған аудандық «Қордай» мешіті жанындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курстың жабылу рәсіміне Қордай ауданының бас имамы Ж.Шалбаев, найб имам Д.Жандосұлы, мешіт ұстазы А.Сатылғанов қатысты.

Алдында хабарлағанымыздай курсқа қатысушылардан емтихан алынып, өзінің жақсы тәртібімен, үздік оқуымен көзге түскен шәкірттер анықталды. Емтихан қорытынды бойынша 12 бала жақсы көрсеткіш көрсетсе, 9 балаға өз топ ішінен 1,2, және 3 орындар берілсе, үш шәкіртке ынталандыру сыйлықтары, қалған шәкірттерге де естелік сыйлықтары таратылды. Курс бойынша үздік нәтиже көрсеткен Болат Алинұр Асхатұлы Алатау бөктеріндегі «Үшқоңыр» жаздық діни сауат ашу лагеріне тегін жолдама берілді. Діни ғылымның маңызын түсіндірген Ж.Шалбаев қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтарын үйлестірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: