Шу ауданының әкімі ауызашар берді

Шу ауданының әкімі ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ораза ұстағанды тамақтандырған ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрі ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді» деген. (Тирмизи).

Қасиетті Рамазан айында Алла разылығы үшін Шу ауданының әкімі Дәулет Рүстем Рысбайұлы Шу ауданының халқына ауызашар таратты. Ауызашарға жергілікті ауыл тұрғындары және Шу ауданына қарасты ауылдардан ауыл ақсақалдары, ауыл молдалары келіп қатысты.

Аудан әкімі Рүстем Рысбайұлы ауызашарға келген халықты Рамазан айымен құттықтап, өз тілегін тілеп сөз сөйледі.
Сонымен қатар келген халыққа дастархан басында аудан бас имамы Аят Дыбысұлы ораза жайлы әсерлі уағыз-насихат айтып, соңында Құран оқылып ауыл ақсақалдары өз баталарын берді.
Имам Муслимнен жеткен хадисте: Ораза тұтушының екі құанышы бар: бірі оразасын ашқанда, ал екіншісі Раббысымен жолыққанда дегендей, ауызашарға жиналған халық дастархандастарымен бірге өз қуаныштарымен бөлісіп, алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: