Шәкірттер сыннан өтті

Шәкірттер сыннан өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Имани жаз-2016» жазғы діни сауат ашу курсы шәкірттердің алған білімдерін шыңдау, білім алуға деген ынта-жігерлерін арттыру мақсатында және шәкірттердің курс барысында алған білім деңгейлерін анықтау мақсатында емтихан жүргізді. Емтихан тәжуид ережелері, Құран жаттау және иман негіздері пәндері бойынша өтті.

Сынаққа аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Д.Жандосұлы, мешіт ұстазы А.Сатылғанов, «Нұр-Мүбәрәк» университеті исламтану мамандығының студенті Қ.Қайырғали әділқазылық жасады. Емтихан қорытындысы шығарылып, жақсы көрсеткіш көрсеткен шәкірттерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: