Рамазан айының қадір-қасиеті ерекше, ораза ұстаудағы жауапкершіліктің сауабы мол. Биылғы жылы ораза ұстаймын деген бауырларымыздың саны артуда. Мешітте ауызы берік жамағат санының артуы, бұл бір қуанышты жай.
Мешіт асханасы аузы берік жандар үшін оразаның бір күнін жібермей ауызашар өткізуде. Ауызашарға жамағаттан бөлек мешіт айналасындағы тұрғындар, жағдайы төмен жанұядағы аузы берік жандар арнайы шақыртылуда. Айта кетелік, күніне 180-200 адам осы дастарханнан дәм татып жатыр.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті