Рамазан – әрбір қайырлы амалдар қабыл болатын ай. Қайырымдылық, көмек көрсету жұмыстары Рамазан айында еселеп артуда. Жағдайы төмен отбасы мешіттерге басқа айға қарағанда көптеп келіп мұң-мұқтаждарын бөлісуде.
Мұқтаж жандардың көңілін аулап, қолдан келгенше мұқтаждығын жеңілдету біздер үшін үлкен жауапкершілік екенін білеміз. Рамазан айының алғашқы он күнінің ішінде бірнеше отбасыға көмек көрсетіліп, азық-түлік, ұн, қаржылай жәрдем берілді. Айта кететін жайт, елді-мекендегі әкімшілік округтерімен байланыс орнатып, жағдайы төмен отбасын анықтап, олардың үйлеріне барып, не нәрсеге мұқтаждығын біліп көмек беру жоспарлануда.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті