Дін терроризмге қарсы

Дін терроризмге қарсы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күні кеше Жамбыл облысы Жуалы ауданында орналасқан 91678 әскери бөлімінде діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен әскери қызметкерлермен арасында кездесу өтті.

Жиынға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және Жуалы ауданың бас имамы Алмас Кенжемолдаев, орыс православ шіркеуінің басшысы Анатолий Ельченко, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Талап Сыздыкбаев, 91678 әскери бөлім командирінің міндетін атқарушы подполковник Ержан Сартаев, 91678 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан Ардақ Сатанов, Офицер-идеолог капитан Мақсат Оспанов, 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары, барлығы – 120 адам қатысты.

91678 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан Ардақ Сартанов бүгінгі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында келген ақпараттық топ мүшелерімен таныстырып өтті.
Алғашқы сөз Жуалы ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаевқа берілді. Ол діннің қазіргі жағдайымен таныстырып, Ақтөбе қаласындағы жастардың қатысуымен жасалған терракттердің орын алғаны қынжылтатынын, жастардың басқа ағымға қалай өтіп, қалай адам өлтіргендеріне, қолдары барғандықтарына таң қалғанын айтты. «Адам дінді білмегеннің салдарынан жат ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Сол себепті, адам баласы ең алдымен өз дінін жақсы білуі тиіс. Осының барлығы білімсіздіктің салдарынан болып жатыр,» - деп сөзін қорытындылады имам.

Ал орыс православ шіркеуінің басшысы Анатолий Александрович өз сөзінде бүгінгі күні қоғамда әртүрлі діни ағымдардың көбейіп кеткендігін сөз етті. «Жат пиғылды дінге кіріп кетпес үшін әр адам өз дінін білгені дұрыс. Осының барлығы діннен алыс болғанымыздан», - деп аяқтады сөз соңын.

Н. СЕЙДАЛИЕВ
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: