Ел тыныштығы - басты байлық

Ел тыныштығы - басты байлық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда «Мойынқұм» аудандық мешітінде аудандық діни ақпараттық түсіндіру топ мүшелері болып, мешіт жамағатымен  кездесу өткізді.  Топ мүшелері,  аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Көшкімбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев, аудандық мешіттің бас имамы З.Исаев  жамағатқа  ізгі ниетпен ұстанған оразаларының қабыл болуына арнап ақ тілектерін жеткізді. Сонымен бірге Ақтөбе «оқиғасына» байланысты мемлекет тарапынан қабылданып, атқарылған шаралар туралы хабарлап, ел тыныштығы Елбасының басты бақылауында тұрғанын жеткізді.  Ақпараттық топ мүшесі, ауданның құрметті азаматы Ж.Қалыбаев дін атын жамылған қылмыскерлердің  әрекетінің  заң алдында да, ар алдында ақтауға жатпайтындығын айтып, мұндай әрекеттерге біздің қоғамда  ешқашан қолдау болмайтындығын  айтты. Ол сөзін ел тыныштығын бұзатын, анасын баласынан, баласын анасынан айыратын осындай  қанды қырғын енді қайталанбасын деген тілекпен аяқтады. Жиынға қатысушыларға «Ақтөбе оқиғасына» байланысты жасаған Елбасының мәлімдемесі мен Бас Мүфтидің Үндеуінің бейнесюжеті көрсетілді.  Жиын соңында аудандық мешіттің бас имамы З.Исаев  ел  амандығына бағыштап құран оқыды.

Ж.Қалыбаев

Аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: