Діннің қазіргі ахуалы талқыланды.

Діннің қазіргі ахуалы талқыланды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қордай ауданының әкімшілігінің мәжіліс залында діни ұйымдармен байланыс комиссиясының жиналысы өтті. Жиынға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Жамангөзөв, Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, «Святой Георгий» шіркеуінің жетекшісі В.Козиков,  аудан бойынша имамдар және ауылдық округ әкімдері қатысты. ІІБ қызметкері Б.Тельтаев өз  баяндамасында діни экстремизмге қарсы күрес жайлы сөз қозғап, арнайы құрылған мемлекеттік органдардың өкілеттілігін ашықтап өтті.

Келесі болып сөз кезегі Қордай ауданының бас имамы Ж.Шалбайға  берілді. Ж.Шалбай өз баяндамасында аудан бойынша мешіт қызметкерлерінің атқарған шаруаларына тоқталып, Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы жастардың діни білім алуға шет елдерге шығып кеткендіктері сияқты өзекті мәселелерді  көтеріп, осы сияқты түйіткілді мәселелерді көтерді. Ж.Шалбайға  түрлі сұрақтар қойылды. Сұрақтарға бас имам Ж.Шалбай мардымды жауаптар қайтарды. Мешіт құжаттарын реттестіру бойынша аудан әкімінің орынбасарына өз өтінішін білдірген Ж.Шалбай,  бірнеше өзекті мәселені қозғады. Комиссия мүшелері аудандағы жұмыстарға оң баға берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: