Найб имам дәріс жүргізді

Найб имам дәріс жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйытқы болуымен және аудандық ішкі саясат бөлімінің  ұйымдастыруымен  аудан әкімшілігінің мәжіліс залында  аудандық әкімшілік  аппарат бөлімдердің  өкілдерімен кездесу өткізілді.

Беташар сөзінде Дәуренбек Жандосұлы жиналған жұртты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Бас Мүфти Үндеуін жеткізді.  Кездесу барысында мешіт найб имам ҚМДБ-ның басымдық берген «Дін мен дәстүр» тақырыбында ой толғап, қос ұғымның сабақтастығы жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, Ханафи мәзһабы құндылығының  маңыздылығы жайлы да мемлекеттік қызметкерлерге жан-жақты мәлімет беріп өтті. Мұсылман жанның шынайы келбеті мен бейнесі қандай болу керектігі жайында тереңірек тоқталып өткен Дәуренбек  имам көркем мінез бен кемел иман арасындағы байланысты тарқата жеткізді. Жиналған қауымға «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» атты еңбек таныстырылды. Ақтөбедегі қайғылы оқиғаларға байланысты ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің Үндеуін оқыды.

Сөз соңында, жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен жат ағымдардан сақтану жолдары жайлы сөз қозғаған Дәуренбек Жандосұлы жиналғандарға діни ілімді тек мешіттен алу қажеттігін баса айтты. Аудандық «Қордай» мешітіндегі діни сауат ашу курсы жұмыстарының жай-жапсарын баяндап, ата-аналардың өз балаларының діни сауатты болуына жіті мән беруге шақырды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: