Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекесі де, кешірімі мол ай. Осы қасиетті айда ораза ұстаған жандар үшін аудан әкімі Бақытжан Балтабекұлы Нүркенов өз отбасының атынан аудан орталығындағы «Сәуле» мейрамханасында ауызашар берді.
Ақ дастархан басында сөйлеген аудан басшысы жамағатты Рамазан айымен құттықтап, рахым айы мен оразаның қадір-қасиетіне тоқталды.
«Рамазан айы – Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың қадірлісі. Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!» -деді аудан әкімі Бақытжан Балтабекұлы Нүркенов. Аудандық мешіттің бас имамы Зият Исаев оразаның мән-маңызын түсіндірді. Ауызашар соңында қариялар бата беріп Құран оқылды.
Ә.Сүйіндік