Діни сауатсыздық –діни экстремизмнің бастауы

Діни сауатсыздық –діни экстремизмнің бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жалпы діни экстремизмнің қай аймақта болмасын адамзатқа келтірер ортақ зияны бар. Оны ешқандай діни көзқараспен саяси мүддемен ақтап ала алмаймыз. Күні кеше Ақтөбе қаласындағы діни содырлардың іс әрекеті жанымызға бататын ортақ қасіретіміз. Тып-тыныш айрандай ұйып отырған елдің мамыражай тіршілігін бұзған жандардың Ислам діні толықтай қаралайды.

  Күні кеше аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен осы мәселе тұрғысында аудандық орталық кітапханада дөнгелек үстел өтті. Жиынға ішкі саясат бөлімінің бастығы М. Нарымбеков, ішкі істер бөлімінің маманы Байжан Дауитов және «Көлбастау» мешітінің молдасы Мұхтар Сыдығалыұлы қонақ болды. Жиынға барлығы 36 кісі қатысты.

Діни экстримизмнің әртүрлі себептері бар. Басты себептерінің бірі – діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Дін туралы білімге ие, сауатты кез келген адам өзінің рухани бағдарын дұрыс таңдай алады. Өз кезегінді еркін әрі қызығушылыққа жинақталған білім мен тәжірибе өмір соқпақтарында сүрінбеудің кепілі болады.

Шара соңында орталық кітапхана директоры Бақыт Қанаева қонақтарға алғысын білдірді.

Жамбыл облысы

Жуалы ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: