Рамазан – кемелдік айы

Рамазан – кемелдік айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл да жылдағы дәстүрмен ораза ұстаушыларға «Қордай» аудандық мешітінің ұйымдастыруымен және Омаровтар әулетінің демеулігімен ауызашар берілді. Ауызашарға атқарушы билік органдарының басшылары, БАҚ, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер мен ораза ұстаушы мешіт жамағаты шақырылды. Ауызашар рәсімі Құран аяттарын оқумен басталды, бұдан кейін аудандық  «Қордай» мешітінің бас имамы Жалил Шалбаев жиналған қауымды айлардың сұлтаны Рамазан айымен құттықтап, адам баласын тақуалыққа, кемелдікке жеткізуге бастайтын ерекше ғибадат – оразаға арналған Бас мүфтидің Үндеуін жиналғандарға тағы бір мәрте жеткізіп, көркем насихат айтты.  Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Дәуренбек Жандосұлы Рамазан айының ерекше қасиетіне тоқталып, құлшылыққа құлшындырар уағыз айтты.

Жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айында жоқ-жітікке көмектесіп, тұрмысы төмендерге қол ұшын беріп, қайырымдылық жасап жүрген және ауызашарға демеушілік көрсеткен жергілікті кәсіпкерлер Омаровтар әулетіне бас имам өз атынан алғыс айтты.

Мешіттің асханасы отыз күн бойы бір босамайтының да айта кеткен жөн, оразада аудан азаматтары  алма-кезек ауызашар беретін болып, сауапқа кенелуде.

Аудандық «Қордай» мешітінің  баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: