Ислам – тыныштық діні

Ислам – тыныштық діні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуырда Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев әкімшілік залында аудан басшыларымен «Ислам – тыныштық діні » атты тақырыпта кездесу өткізді.

Кездесу барысында бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев еліміздегі соның ішіндегі ауданымыздағы қазіргі діни ахуалға тоқтала келе, дін атын жамылған ағымдардың зияны мен қоғамға қаупін түсіндіріп, сан ғасырдан бері ата-бабаларымыз ұстанған дініміз бен дәстүріміздің маңызына тоқталды. Әлеуметтік желіге телмірген жастар арасында діни теріс идеология саналы түрде жайылып жатқанын айта келе, кез келген діни уағыздарды тыңдамауды, тек Діни басқармаға қарасты имамдардың ғана уағыздарын тыңдау, жастар арасындағы дінге бетбұрыстың алғышарттарына тоқталып, діни ағымдардың жымысқы әрекеттерін айтып өтті. Яғни жастардың діни сауатсыздығын пайдаланып, өз қатарларына оңай тарту жұмыстарын жүргізіп жатқанын тілге тиек етіп, ондай әрекеттің алдын алу үшін дінге қатысты сұрақ болса, мешіт имамдарынан келіп сұрауларын баса назарда айтып өтті. Діни құндылықтарға үрке қарамау қажеттігін түсіндіріп, дінмен емес діни ағымдармен баршамыз күресуіміз керек деп ойын түйіндеді.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: