Ақтөбедегі жағдайға байланысты имамдар мәжілісі өтті

Ақтөбедегі жағдайға байланысты имамдар мәжілісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде Ақтөбедегі жағдайға байланысты қала имамдарының мәжілісі өтті. Аталмыш жиынға орталық мешіт пен Құлбай баба, Әзірет Әли, Әбдіқадір, Бегалы ата, Кеңесхан қажы, шейх Зуннун, Әулие ата және Айсұлу ана мешіттерінің имамдары қатысты.

Жиналыста мемлекеттің сәләфизм ағымына қатысты ұстанымы тілге тиек болып, ҚМДБ ғұламалар кеңесінде қабылданған үндеу ортаға салынды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев имамдардан жат ағымнан өз ата дінімізге қайтқан азаматтар жайын сұрастырып, өзге ағымдармен қатаң түрде жұмыс жасауды, қадағалауды шегелеп тапсырды.

Сонымен қатар бас қосуда Рамазан айының соңғы 10 күнінде орын алатын ифтикәф мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, бас имам екі-үш мешіт бірігіп аптасына бір рет қайырымдылық науқанын өткізіп тұруды тапсырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: