Бейбіт елде - сән бөлек, бүлінген елде - дау бөлек.

Бейбіт елде - сән бөлек, бүлінген елде - дау бөлек.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданды Төле би мешітінде әдеттегідей ауызашар мешіт ауласында кеңінен таратылуда. Ауызашар барысында жамағатқа ораза айына байланысты және асыл дініміз Исламды насихаттауға бағытталған пайдалы видео-роликтер көрсетілуде.

Кешегі ауызашарда мешіт жамағатына, Шу аудандық Төле би мешіті мен Аудандық ішкі саясат тарапынан Ақтөбе қаласында болған оқиғаға байланысты ел басы Н. Назарбаевтың және  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының халыққа видео үндеуі көрсетілді.

Үндеуде еліміздің мұсылмандарының қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбеде болған лаңкестік әрекеттерді терең өкінішпен естігендігі туралы тілге тиек етілді.

 Жалпы еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі баршамыз үшін ең жоғары құндылық екенің және қоғамдағы бейбіт өмірді сақтау әр азаматтың борышы һәм парызы екендігі жеткізілді.

Ауызашар барысында жамағатқа Ақтөбедегі өкінішті оқиғаға байланысты және Ислам діні ешкімді ұстанатын дініне немесе ұлтына бөлместен, жазықсыз қан төгуге ешқашан рұқсат етпейтіндігі турасында уағыз-насихат айтылды.

Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: