Облыс әкімі ауызашар берді

Облыс әкімі ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Бұхари жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі» дейді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір өсиетінде: «Рамазан келгенде жәннаттың есігі ашылып, тозақ есігі жабылады, шайтандар кісенделеді» деген. Бүгінде осындай сауаптар еселеніп, нәпсіні тәрбиелейтін тақуалық мектебі болған ұлық айда ораза ұстаған жамағат үшін көптеп ауызашарлар ұйымдастырылуда.

Жылдағы дәстүр бойынша Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев облыс тұрғындарына ауызашар берді.

Отырыста өз делегациясымен келген облыс әкімі халыққа қасиетті Рамазан айымен құттықтау айтып, сүбелі сөз сөйледі. Сонымен қатар ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев Құран оқып, сан ғасырлар өтсе де қарапайымдылығын сақтаған қонақжай еліміз үшін дұға жасады.

Құран айының қуанышымен бір дастарханда бөліскен көпшілік, алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: