Жастық шақ – даму мен кемелдікке жететін кезең

Жастық шақ – даму мен кемелдікке жететін кезең

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исламдағы жастық шақ өте маңызды кезеңдердің бірі болып есептеледі. Себебі, адам бұл дүниемен қай сәтте қоштасатынын білмейді. Әрі жас уақытында адам бойында күші бар, арманшыл, мақсатшыл болып келеді. Сондықтан ол дінге, қоғамға, айналасына көп пайдасын тигізе алады. Сол себепті бұғанасы қатпаған жастарымызға, бұл қайтып келмес шағын құламай, сүрінбей өтуіне ең бірінші ата-ана, ұстаздар қауымы атсалысып, біріге жұмыс жасауы қажет.

Осы мақсатта «Шу темір жол колледжі» мекемесінде дөңгелек үстел ұйымдастырып, аудандық жастар бөлімінен өкілдер келіп, Шу қалалық «Жами» мешітінің ұстазы Нұржан Сабырұлы Қалиев «Дін және жастар» тақырыбында салихалы сұхпат құрды. Жастардың қордаланып қалған сұрақтарына жауап беріп, Рамазанмен құттықтап, колледж ұжымына разылығын білдірді.     

Шу қалалық «Жами» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: