Білімдімен сөйлессең, біліп тұрар

Білімдімен сөйлессең, біліп тұрар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында қазрігі таңда халыққа қызмет көрсетіп отырған бірнеше бөлімдер бар. Соның бірінде қызмет ететін Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, белгілі уағызшы Сансызбай Құрбанов Рамазан айының қарсаңында  Шу қаласындағы «Жами» мешітінің жамағатымен жүздесті.

«Жами» мешітінің бас имамы келген Сансызбай Құрбановты жамағатқа таныстырып, ат артып келген мейман бесін намазының алдында бір сағаттай уағыз айтты.

Сансызбай ұстаз келген Рамазан айымен құттықтады, сонымен қатар ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Хазреттің Рамазан айы қарсаңындағы  Қазақстан халқына Үндеуін жеткізді.

Оразаға және Рамазан айының құрметіне оқылатын тарауық намазына байланысты жиналған жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Іс-сапармен келген Сансызбай ұстазға Шу жамағаты өздерінің ризашылықтарын білдіріп тарасты.

Шу қаласы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: