Рамазан мейірімін ала келді

Рамазан мейірімін ала келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Рамазан – қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік. Оразада жасалған Жаратушы Иемізге ұнамды әрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», – деген. Адам қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді демекші, Мойынқұм ауданының тұрғыны Нүркен Исмайлов бауырымыз биыл үшінші жыл қатарынан Рамазан айының алғашқы күнінде мешітте бір ірі қара малын сойып, қайырымдылық жасады.

Қажеттіліктер аудандағы Рамазан айында ораза ұстаған отбасыларға, тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі барлығы жиырма төрт отбасыға үлестірілді. Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев Н.Исмайловтың әулетіне Рамазан айында жасаған игі істеріне береке, отбастарына амандық, кәсіптеріне табыс тілеп, Құран оқып дұға жасады.

Ә.Сүйіндік 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: