Медресе шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды.

Медресе шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ғалымды жақсы көру – діннен. Ілім ғалымға тірі кезінде тағат берсе, өлгеннен кейін жақсылықпен еске алғызады. Дүние жинаған адам дүниесімен бірге жоқ болып, аты да, заты да қалмайды. Дүние жинаушылар тірі кезінің өзінде өлік сияқты. Ғалымның тіршілік тоқтап қалса да, аты мен хаты қалады. Ілім оған ие болғандардың толығымен жоқ болуынан кейін жоғалады.

         Әбу Дарда р.а : «Алла елшісі (с.а.у.): «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді. Періштелер де білім алушының талабына дән риза болып, аяғының астына қанаттарын жайып, ізет көрсетеді. Сондай-ақ жеті қабат аспан мен жердегі барлық жаратылыс атаулы, тіпті судағы алып балықтар да шынайы ғалым үшін Алладан жарылқау тілейді. Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді. Расында, шынайы ғалымдар – Пайғамбарлардың мұрагерлері. Шынтуайтында, Пайғамбарлар мұра ретінде динар мен дирхам емес, тек қана ілім қалдырды. Кімде-кім сол іліммен сусындаса, мол несібеге кенелгені» - деген».

Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесінің бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер алдын қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен тапсырды.

Аталмыш емтиханды мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Данияр Жұмабаев, «Сарағаш» медресесінің ұстазы Нұралы Төребеков, «Сарағаш» медресесінің ұстазы Еркін Қадыров қабылдады.

Шәкірттер мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсырды. Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап ізденісін жалғастырмақ студенттерге сәттілік тілмейміз!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: