Барша үмметті сағындырып жеткен Рамазан айы даламызға енді. Осыған орай, Ислам дінінде ай бойы 20 ракағаттан тұратын тарауих намазы оқылады. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Хақ Тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», – деген.
Еліміздің мешіттерінде бүгінгі Құптан намазынан кейін, аталмыш намаз оқылуда. Жамбыл облысының мешіттерінде сонымен қатар орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде тарауих намазы басталды. Аталмыш намаздың бастаудан бұрын Бас имам Данияр қажы Жұмабаев жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, тарауих намазының дініміздегі орыны жайылы сүбелі сөз сөйлеп, жиналған жұртшылыққа Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтауын жеткізді.
Алатмыш іс-шараға, мешіт имамдары, мешіт ақсақалдары мен Тараздық тұрғындар қатысуда. Мешіт залына сыймаған халық мешіт ауласындағы таскілемдер мен көк майсаларда құлшылықтарын жалғастырып, қасиетті айдың алғашқы күнінен тақуалыққа бой үйрете бастағандай.
Бүгін тарауих намазын Республикалық Құран жарысының жүлдегері Дулат Қолақұлов жүргізді. 15 жасар қари намазда Құран хатым түсіруде.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Ораза маусымның 6-сы мен шілденің 4-і аралығын қамтып, 29 тәулікке созылады. Айт мейрамы 5 шілдеде басталады. Ал Қадір түні шілденің 1-нен 2-сіне қараған түнге сәйкес келді.
Қасиетті Құран Кәрімде «Кімде-кім ауыз бекітіп, құлшылық етсе, сансыз сауапқа кенеледі. Сондай-ақ ораза ұстаған жамағатқа арнайы дастархан жайып, көмекке мұқтаж жандарға қолұшын бергендер де Алланың риясыз ризалығына ие болады» делінген. Айта кетейік, еліміз бойынша пітір садақа мөлшері әр адам басына 200 теңге болып белгіленді. Ал тарауих намазында мешіттерде Құран хатым етіледі.
Барша мұсылман жамағатына мүбәрак Рамазан құтты болсын!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі