100 отбасыға қайырымдылық жасалды

100 отбасыға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Қайырымдылық – адам жанының нұры. Құран Кәрімде «Тағабұн» сүресінің 16-18-аяттарында: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі», – дейді.

Қасиетті де ұлық, мың айдан қайырлы мүбәрак Рамазан айының қарсаңында «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен және «Құл Қожа Йассауи білім және парасат» ҚҚ қорының демеулігімен 100 отбасыға көмек көрсетілді.

Айтулы ораза айына орай таратылған азық-түлік отбасылар үшін үлкен жәрдем болмақ. Жанұялар бұл науқанды ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: