Рамазанға қарқынды дайындық өз мәресіне жетті

Рамазанға қарқынды дайындық өз мәресіне жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сағындырған Рамазан айы да елімізге сағат санап жақындап келе жатыр. Барша мұсылман берекелі айды асыға күтуде. Осы жайтта мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында және ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмаларын орындау мақсатында Қордай ауданы бойынша біршама істер атқарылды. Аудан орталығында орталық Жібек-жолы көшесінде, Бишкек-Алматы халықаралық жол бойында, Қордай-Шу жолы бойында   Рамазан айына байланысты 3 баннерлер ілінді.

Мекеме басшыларына, дін жан ашырларына, қоғам қайраткерлеріне құттықтау хаттары таратылды. Хаттарға қосымша «Намаз оқып үйренейік» атты діни кітапшалар таратылды. Үлкен көлемде ораза кестесі дайындалып, ауыл-аймақтарға таратылды. Аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің алғашқы бетінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының халыққа үндеуі жарияланды. Газеттің келесі нөмірінде аудан әкімі Қ.Ә Досаев және аудан бас имамы Ж.Шалбаевтың Рамазан айына байланысты құттықтаулары жарық көрді.

 Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: