Бала – болашағымыз, ұлттың келешегі. Халықтың сауатты болуы балалардың тәрбиесінен, иманынан бастау алатыны ақиқат. Исламмен жүріп, халқына адал, ата-анасының разылығын ала білген қайырлы ұрпақ Құранмен тәрбиеленетін ұрпақ емес пе?
«Һибатулла Тарази» мешітінде балаларға арналған жазғы діни ілім курсы жүргізілуде. Ілімге құштар балалар ұлдар және қыздар бөлімі бойынша топтарға бөлініп сауат ашуда. Шәкірттер саны күн санап арту үстінде. Курста Құран Кәрім, Құран әліппесі, әдеп, ахлақ, ғибадат, иман сынды пәндерден дәрістер жүргізілуде. Аталмыш жазғы курс 1 маусымда өз жұмысын бастаған болатын.
Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев оқушылармен жүздесіп, діни сауатын арттыруға ықыласы зор балдырғандармен тілдесті. Мешіт атынан балаларға сыйлықтар табысталып, балақайлар ораза айы және білім алу, иманды бала жайлы өз ойларын ортаға салды.
Бас имам шәкірттерге сәттілік тілеп, маусым соңында жүздескенше мол білім жинауды тапсырды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі