Қыздар сауат ашу курсы табиғат аясында бас қосты.

Қыздар сауат ашу курсы табиғат аясында бас қосты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлік пен береке – халықтың ынтымағы мен ауызбіршілігінің көрінісі. ҚМДБ-ның барлық өкілдіктерінде шәкірт тәрбиелеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Күн санап, ай өте діни ілімін арттырам деген жамағат көбеюде. Мәселен, «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының өзінде биыл өткен жылға қарағанда шәкірттер саны артқан. Бүгінде бұл курста 160-тан астам адам сауатын ашуда. Оның ішінде оқушылар, студенттер, аяулы аналар, қарт әжелер де бар.

Оқу жылы аяқталып, емтихан тапсырып сынақтан өткен әйелдер курсы бас қосу өткізді. Берікқара шатқалына табиғат аясына демалысқа шыққан қыздар кең дастархан жайып, әжелер ақ батасын берді. Шәкірттері ұстаздарына разылығын айтып, ұстаздары ғибратты, сүбелі сөз сөйледі. Қыз тәрбиесі, ер мен әйелдің шариғаттағы міндеттері, жат ағымдар және оларға жауап сынды тақырыптарда ұстаз Зейнеп Үсенова және Гүлжан Алдасаева уағыз-насихат айтты.

Қазақ, қырғыз, орыс, дүнген, татар, тәжік, өзбек, түрік, күрт, шешен сынды ұлттардың басын қосқан Алла үйі, және діни білім болатын. Осы бір ынтымақ жамағатты бір үйдің балаларындай бауыр етті. Табиғат аясына шыққандар тауға шығып, түрлі эстафеталық ойындар ойнап, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтты.

Ұстаздар сынақтан өткен шәкірттерге сертификаттар табысталатынын хабарлап, келесі оқу жылына дейін сәттілік тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: