Рамазан айына орай баспасөз мәслихаты өтті

Рамазан айына орай баспасөз мәслихаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айы – бүкіл үмметтің асыға күтетін қасиетті мерекесі. Бірнеше күндерден соң даламызға қуанышы мен шаттығын ала келетін бұл ораза айы жайлы мағұлматты халыққа жеткізу үшін арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға халықтың көзі һәм құлағы болған «Ақ жол», «Жамбыл-Тараз», «Ғұмыр дария», «Арай» газеттері мен «Қазақстан Тараз», «77» арналары қатысты.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев бұқараны Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар қала мешіттері жамағаттың сұранысын өтеу мақсатында байланыс орталығы (call center) яғни телефон жүйесімен сұрақтарға жауап беру жолдарын ұйымдастырғанын жеткізді. БАҚ өкілдерін Бас мүфтидің Үндеуі мен құттықтауымен таныстырды. Сондай-ақ, бас имам Рамазан айында атқарылатын іс-шараларға тоқталып өтті.

«Алла қаласа Рамазан айында табиғат апаттарынан зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созуды ұйымдастырамыз. Рамазанның басында 100 отбасына қайырымдылық жасалады. Ауызашар және намаз уақыттарына қатысты мәселелерді ҚМДБ ғұламалар кеңесінде талқылап өз шешімін беріп қойған болатын. Осыған орай, пітір-садақасы муфтият шешімімен Қазақстан аумағында 200 теңге болып бекітілді», - дейді Данияр Әлимұхаммедұлы.

Ал Ғазиз Ахметов қалада бірнеше іс-шаралардың өтетіндігін тілге тиек етті. «Қала мешіттерінде ауызашарлар өтпек. Бүгінде барлық мешіттерде САК ұйымдастырылып жатыр. Қала мешіттерінде тарауихке келуші жамағатты су және құрмамен қамтамасыз ету қолға алынды,» -деп хабарлады ол.

«Діни іс-шараларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетеліп келеді. Жылдағы дәстүр бойынша әкімдік тарапынан ауызашарлар беріліп жатқанының өзі қуантарлық жайт,» - дейді облыс әкімдігі дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Есмаханов.

Жиынға қатысқан тілші, журналисттер қажетті сұрақтарын ойып, халық үшін маңызды әрі қажетті мәлеметтер мен мардымды жауаптарын алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: