Бала – өмірдің шуағы

Бала – өмірдің шуағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде жыл сайын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтуде. Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен  «1 маусым — балаларды қорғау күніне» арналған мерекелік шара өтті.

Осы мерекелік шараға жағдайы төмен отбасылардың балалары мен жазғы сауат ашу курсының шәкірттерін мешіт қызметкерлері аудан орталығындағы саябақты аралатып, түрлі ойын-сауық түрлерін ойнатып, тәтті тағамдар таратты.  Осы іс-шараға риза болған балалар, мәз-мәйрам болып қуанды. Ахмет Байтұрсынов «Балам деген Ел болмаса, Елім деген бала қайдан шығады» - деген. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Бұл күні балалар қуанатын болса, ал үлкендер үшін осы күн балалар әрдайым қамқорлықта болып, қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып, олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екендігін ескертеді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: