1 маусым – балалар күні

1 маусым – балалар күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін саласындағы қызметкерлердің қоғамда белсене ат салысыларының нәтижесі әлемдік балаларды қорғау күні ауданымызда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Психологиялық-педогогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекеме ұжымдарының арнайы шақыруымен «Жақсымбет ата» мешітінің бас имамы Қыдыралы Жақсымбетұлы, аудандық «Меркі-ата» мешітінің іс-басқарушысы Амангелді қажы Беделбаев іс-шараға барып қайтты.

Ата-аналар мен жас бүлдіршіндер аудан бойынша 100-ден аса отбасылар және мүгедек жасөспірімдердің жүрегіне қуаныш сыйлап, демеушілік көмегін аямай көрсетіп жүрген азаматтар, шекара әскери бөлім басшылары, кәсіпкерлер, балаларды қорғау күнін бірге мерекеледі. Бір сәт болса да, өздерінің басқаға қарағанда мүмкіндігі шектеулігін ұмыт қалдырып, өз өнерлерін көрсетіп, бірі би, бірі өлең-тақпақ айтып, көңілдері қуанышқа толы болды.

Мерекеге келген қонақтардың әрқайсысы жүрек жарды құттықтауларын жеткізіп, сыйлықтарын табыстап жатты.

Имам Қыдыралы қажы Жақсымбетұлы ата-ана, бала тәрбиесі, тағдыр, сынақ жайлы уағыз айтып, ата-аналарға сабырлы, шыдамды болып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін айтты. Шара соңында мерекелік дастарханда бас қосып, бата беріліп тарқасты.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: