Ораза айы – құт айы.

Ораза айы – құт айы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінде ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауданға қарасты ауыл молдаларымен қасиетті Рамазан айына байланысты кезекті жиналысын өткізді.

Аудан имамы ауыл молдаларын келе жатқан он екі айдын сұлтаны қасиетті Рамазан айымен құттықтай отырып, ауданымызға жаңа тағайындалған найб имам Нұрислам Қыдырұлын ауыл молдаларымен таныстырып өтті.

Жиын барысында аудан имамы ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Үндеуі мен облысымыздың бас имамы Данияр қажы Жұмабаев мырзаның тапсырмасын басшылыққа ала отырып, ауыл молдаларына ораза айын ауылдарда өз деңгейінде өткізу турасында жұмыстарды жүктеді.

Отырыста қасиетті Рамазан айына дайындалу, жоспар мен бағдарлама жасау, ауызашарлар ұйымдастыру, сонымен қатар төрт бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар туралы және тағы басқа мәселелер турасында сөз қозғалды. Сонымен қатар ауыл молдаларына ҚМДБ-ның «Дін – насихат» кітабы таратылды.

Жиын соңында ауыл молдалары өз ойларымен бөлісіп, мәжілісте туындаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды .

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: