Рамазан айына қызу дайындық басталды

Рамазан айына қызу дайындық басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алдымызда келе жатқан айлардың сұлтаны Рамазан айына орай, Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың ұйымдастыруымен ауданымызға қарасты барлық аудан, ауыл имамдарының жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – қасиетті Рамазан айына дайындық.

Дін қызметкерлеріне ҚМДБ-нан берілген тапсырмалар мен нұсқаулар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ел халқына үндеуі мен құттықтауы таныстырылып, Рамазан айын қалай ұйымдастырып өткізу туралы ойлар ортаға салынды.
Жылдағыдай, мешіттің алдына қасиетті аймен құттықтаулар және басқа да оразаға қатысты жазулар ілу, арнайы кітапшалар мен парақшалар шығарып тарату, мешіт жамағаты мен түрлі сала мамандарына, зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары, кәсіпкерлер, т.б. мемлекеттік қызметшілеріне, зағип жандар, аурухана сырқаттары, перзентхана күтушілері, жолаушылар, шәкірттер, т.б. адамдарға ауызашарлар ұйымдастыру секілді мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, «Нұр Мүбәрак» университеті мен «Һибатулла Тарази» медреселеріне шәкірттер дайындау сынды маңызды істер де назардан тыс қалмады.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: