Қордай имамдары Рамазанға сақадай сай

Қордай имамдары Рамазанға сақадай сай

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны болған Рамазан айы күн санап жақындап келеді. Қасиетті айды күллі мұсылман қауымы бір кісідей асыға күтіп, сағынатыны белгілі. 

Осыған орай, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бойынша қызмет атқарып жатқан имам-молдалардың басқосуы өтті. Жиналысқа арнайы түрде облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің іс-басқарушысы Х.Қожахметов келіп қатысты. Жиында төрағалық еткен аудан имамы Ж.Шалбаев  Рамазан айына байланысты ҚМДБ тарапынан жүктелген жұмыстармен ақпараттандырып, Рамазан айында атқарылатын іс-шаралар жоспарланды.

 Қайырымдылық шаралары, ауызашарлар, пітір-садақа бағасы мен ораза айының мерзімі хабарланды. Шәкірттерді ҚМДБ білім ордаларына жолдау мәселесі, газет-журналдарда ақпарат, мақалалардың жариялануы, тәжірибеден өтуші шәкірттердің жұмысы жайы талқыланды. Х.Қожамжаров мешіт құжаттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мешіттерді құжаттару бойынша нақты тапсырмалар берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: