Балалы үй - базар

Балалы үй - базар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» орталық мешітінің бас имамы Аят Алмахановтың ұйытқы болуымен 1 маусым «Балаларды қорғау» күні мерекесіне орай ауқымды көлемде игі іс-шара ұйымдастырылды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, Аудандық «Төле би» мешітінің ауласында  балаларға арналған секірме мен ойын сауықтар орнатылып, мерекелік алаң жасалды. Мерекеге әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы жанұялардың балалары қатысты. Келген жас балаларға арнайы дастархан жайылып, тегін балмұздақ, тәтті тоқаш және сусындар таратылды.

Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – бүлдіршіндердің көңілін көтеру, дінге деген ынталарын артыру, оларды имандылыққа шақыру, білімді де инабатты азамат болып өсуіне үлес қосу болып отыр.

Сонымен қатар балаларын ертіп келген ата-аналарға әрбір мұсылманның бірінші міндеті – баласына ислам дінін және Құран кәрімді үйрету екендігін жеткізілді.

Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: