Облыстық Құран сайысы өз жеңімпазын анықтады

Облыстық Құран сайысы өз жеңімпазын анықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген еді. Мінеки, қаншама ғасыр өтсе де бірде-бір әрпі өзгермеген қасиетті кітап Құран Кәрім адамзаттың игілігі үшін қызмет етіп келеді.  Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с): «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің» - дегендей, ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің мұрындық болуымен және аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай, Қордай ауданы, Масаншы елді мекенінде облыс бойынша Құран жарысы болып өтті.

Қатысушыларды сынақтан өткізуге, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қари Жұмабаев және «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы, мысырлық Сулеймен ұстаз өздерінің әділ бағаларын беруге әділқазылар алқасының құрамында болды. Осы сауапты да тағылымы мол іс-шараның өтуіне ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев төрағалық жасап, сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Жалпы бұл игі жарысқа облыс бойынша мектеп жасындағы  оқушылардан бастап, үлкен-кіші жалпы саны 52 азамат қатысты. Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.  Бірінші айналымда қарилардың баршасы сыналып, қорытынды жарысқа 7 қари іріктеліп шығарылды.

Қорытынды жарысқа шыққан қариларға қойылған сұрақтар әлбетте алғашқыдан өзгеше, қиындау болғанын жиналған жамағаттың баршасы бағалады. Бас жүлдені Масаншы ауылының тумасы, 13 жасар   Алим Усыров иеленіп, жүлдеге скутер сыйға берілді. Әділқазылар алқасы қатысушыларға, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет.

Аудандық «Қордай мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: