ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Ә.Жұмабаевтың Қордай жеріндегі іс-сапары бүгінде өз жалғасын тапты. Қордай аудандық әкімшілігінің жиналыс залында Жамбыл облысының әкімі орынбасары Е.Мәнжуовтың төрағалығымен облыстық діни кеңестің көшпелі жиыны өтті.
Жиынға облыстық басқармалар мен департтаментер басшылары, аудандық әкімдер, БАҚ өкілдері және дін қызметкерлері қатысты. Талқыланған мәселе дін айналасында болды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Ә.Жұмабаев облысымызда алғашқы жарты жылдықта атқарылған іс-шаралар жайлы баяндады. Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, хаттама толтырылды.
Аудандық «Қордай мешітінің баспасөз қызметі