Ауданымызға арнайы іссапармен ат басын тіреген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Ә.Жұмабаев өз сапарын Сортөбе ауылдық «Дін ислам» мешітінен бастады. Осы мешітке арнайы түрде ҚМДБ қарамағындағы «Зекет» қорының директоры Әлішер Спанов, аудан имамы Ж.Шалбаев келіп қатысып, құрметті қонақтар қатарында болды.
Аталмыш мешітте дүнген ағайындардың басын біріктіре отырып, суапты іс атқарылды. Сауапты жиынның негізгі мақсаты – Қазақ еліне дүнген ұлт этносының көшіп келуіне 139 жыл толуына, ата-баларына және сол қиын қыстау заманда бауырмашылдық танытып, қол ұшын берген, бақилық болған қазақ азаматтарына Құран оқытылып, үлкен ас берілді.
«Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Сүлеймен, көркем мінез бен бірлік жайлы уағыз айтты. Қонақтарға құрмет көрсетіліп, йықтарына шапан жабылды. Өкіл имамның іс-сапары Масаншы ауылында жалғасын тапты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі