Суицид – ұлтқа нұқсан

Суицид – ұлтқа нұқсан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел қорғаған әскердің иманды болуы, рухы асқақ, мұраттары биік болуы ел қауіпсіздігінің кепілі. Аузында кәлимасы жүріп, өзі бір Алладан дұға тілеп қаншама ер-жүрек  батырларымыздың елдігімізді қорғап қалғаны тарихымыздан белгілі. Әскер сарбаздарының да рухани қажеттіліктерін өтеу мақсатында, арнайы №40 Отар әскери базасының шақыртуымен  әскери қалашыққа аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы ат басын тіреді. 

Найб имам  сарбаздармен, офицерлермен және келісім-шарт қызметкерлерімен имани сұхпат өткізді. Сұхпат барысында  әлем бойынша кең етек алып бара жатқан суицид дерті, жайлы әңгіме қозғалып, аталмыш қайғылы іс әскер арасында да етек жайып бара жатқандығы айтылып, ол туралы шариғи көзқарас жеткізілді. Адам баласына Жаратушыдан тиым салынған ішімдік, есірткі сынды зиянды заттардың қолданылуы, өкінішті оқиғаларға әкеліп жатқанын жеткізген Д.Жандосұлы әңгімесін Құран мен сүннет үкімдерімен өрбітті.

Ағымдардан сақ болып, дәстүрлі ислам құндылықтарын найб имам жиналған қауымға тереңінен түсіндіре білді. Әскер қатарындағы азаматтар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: