Иман – адамның айнасы

Иман – адамның айнасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы №43-ші мектепте  аталмыш тақырыпта оқушылармен  кездесу өтті. Иман – адамға Алланың берген сыйы. Иманы бар жүрек – тірі жүрек.

Құран Кәрімде кең мағынадағы иман сөзі қырықтан астам жерде айтылады. Иман мағынасын Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Иман, бұл – жүректегі білім, жазылған нұсқауларды сөз жүзінде мойындау және оны орындау, ол Алланың ақиқаттығын жүрекпен – сезіну иманның негізі «асылы», бұл ақиқатты сөз жүзінде мойындау мен діни парыздарды орындау оның тармағы» деп қарастырды.

Бұл кездесуге «Хазреті Әли» мешітінің найб имамы Рысбай Еспенбетов арнайы қатысып, оқушыларға иман тақырыбында уағыз-насихат айтып, сұрақтарына жауап берді.

«Хазрет Әли» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: