Найб имам Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды!

Найб имам Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Таңат Тілманбетов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алғыс хатымен марапатталды.

«Сізді түзету колонияларында террористік және діни экстремистік идеялардың таралуына жол бермеудегі және жазасын өтеушілер арасында дәстүрлі дінді дәріптеуде белсенді түсіндірме жұмысын ұйымдастырғаныңыз үшін алғыс білдіремін. Алла Тағала асыл дініміздің өркендеуіне, еліміздің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына қосқан үлесіңізге разы болсын!» – деп жазылған алғыс хат мәтінінде.  

Аталмыш хатты қоғамға еңбегі ерең имамға ҚМДБ Төралқа отырысына барып қайтқан Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев табыстады.

Қоғамда  етек алып бара жатқан, қоғамның санасын улап, жарға соққан жат ағымдардың алдын алу мақсатында белсенді қызмет етіп жүрген Таңат Кеңесбайұлына мешіт әкімшілігі атынан сәттілік тілейміз!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: