Кеңесті елде кек болмас.

Кеңесті елде кек болмас.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жылына екі рет келетін ҚМДБ Төралқа мәжілісінің кезегі де келіп жетіп, Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өткен болатын.

Осы мәжіліске орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінде имамдар жиналысы өтті.  Бас қосуға осы облыстың қала және аудандардағы бас имамдары  қатысты.

Аталмыш жиында күн санап жақын қалған Рамазан айын өткізу жоспарланды. Қайырымдылық шаралары, ауызашарлар, науқандар, тегін қоғамдық қызмет сынды іс-шаралар легі тапсырылып, пітір-садақа бағасы мен ораза айының мерзімі хабарланды. Биыл ораза 29 күнге созылса, пітір бағасы 200 теңгені құрайды.

Мәжілісте сондай-ақ, намаз уақытына байласты кестелер, Хазіреттің бұйрығы, шәкірттерді медресеге жолдау мәселесі, баспа газет-журналдарда ақпарат, мақалалардың жариялануы, тәжірибеден өтуші шәкірттердің жұмысы, мешіт құжаттары, имам-молдалардың қызметіне байланысты бұйрықтар жайы талқыланды.

Республикалық Төралқа отырысында болып қайтқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев имамдарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, ораза алдында жұмыстарын пысықтап алуды тапсырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: