Оразаға дайындық пысықталды

Оразаға дайындық пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның филиалы Шу қалалық «Жами» мешітінің бас имамының басшылығымен қала имамдарымен жиналыс өтті.

Қаланың бас имамы алдымен келе жатқан Рамазан айын сөз етіп, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев қаридің аудан, қала имамдары алдына қойған тапсырмаларын жеткізді. Атап айтар болсақ, Рамазан айын жоғары дәрежеде өткізіп, негізгі нақты тапсырмаларды айтып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Үндеуін халық арасында кеңінен насихаттап жеткізіп, мешіт тазалықтарына жіті мән беріп, мешіт жамағатын ауыз бірлік ынтымақпен ұйыстырып  әрқашан татулықты ту ете отыра жамағатпен тығыз байланыста болуды тапсырды.

Жиын соңынан Шу қаласының бас имамы ҚМДБ тарапынан келген «Дін – насихат» және «Дәстүрлі ИСЛАМ жауһарлары» атты кітаптарды қала имамдарына тапсырды.

Шу қалалық «Жами» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: